Деректерге қарағанда, ер адам супермаркетке кіріп, оқ жаудыра бастаған.
Жергілікті прокуратураның мәлімдеуінше, «содыр өзін ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған ұйым - ред.) лаңкестік ұйымына тиесілі екенін» айтқан. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, құрбандар бар.
Лаңкесті ұстауға 150 полицей жұмылдырылған. Арнайы операция жүргізіліп жатқанын жергілікті билік те растады.