Францияда лаңкеспен сыбайлас болған 4 адамға айып тағылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияда Кошерный азық-түлік дүкенінде адамдарды кепілге алған содыр Амеди Кулибалиге, нақтырақ айтқанда лаңкестікке көмек көрсетті деген күдкіпен төрт адамға айып тағылды, деп хабарлады ВВС.

Прокуратураның мәліметінше, олардың үшеуі Амеди Кулибалиге қару сатып алу жағынан жәрдемдескен.

Парижде 17 адам қаза тапқан содырлардың шабуыланын кейін Францияның құқық қорғау органдары күшейтілген режімде жұмыс істеп жатыр.

Бұған дейін Францияда Шешенстанның бес азаматы (РФ азаматы) ұсталған болатын. Алайда кейін олардың лаңкестікпен емес, ұйымдасқан қылмыстық топпен байланысы бар екендігі анықталды.