Францияда маймыл шешегіне тестілеу тегін болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Франция билігі Ұлттық медициналық сақтандыру иелеріне құнын өтеу арқылы вирустың елде таралуын болдырмау үшін маймыл шешегіне тестілеуді тегін қылуға шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

«Вирусқа тексеру «диагнозға күмән туындаған жағдайда» қажет, бұл емдеуші дәрігердің жолдамасының болуын білдіреді. Бұл декретке бұған дейінгі Францияның Денсаулық сақтау жөніндегі жоғарғы комитетінің (HAS) ұсынымы негіз болды, ол тексеруден немесе дәрігермен кеңескеннен кейін диагнозды растау үшін нуклеин қышқылдарын күшейту әдісімен (TAAN) тестілеуді өткізуге шақырды. Сондай-ақ, реттеуші тиісті симптомдарсыз тест жүргізу қажет деп санамайтынын айтты. Қазіргі уақытта Францияда коронавирусты тестілеуге арналған шығындарды жабу осындай тәсілмен жүргізіледі», - делінген хабарламада.




Фото: wyomingpublicmedia.org