Францияда Медведев, Саркози және Меркельдің кездесулері өтеді

АСТАНА. Қазанның 18-і. ҚазАқпарат - Довильде (Франция) Ресей Президенті Дмитрий Медведев пен Франция Президенті Николя Саркози және Германияның федералдық канцлері Ангела Меркельдің кездесулері өтеді. Үш жақты кездесу үлгісінде жалпыеуропалық кеңістік қауіпсіздігін құру жөніндегі әріптестікті дамыту жолдары туралы пікір алмасулар өтіп, сондай-ақ, біріккен тасымал саласындағы байланыстарды жетілдіру тетіктері жайлы әңгіме өрбімек, деп хабарлайды РБК.

Саммиттің қарсаңында А.Меркель Ресейдің НАТО-ға ықпалдасуының бұдан да тереңдей түсуі үшін тілек білдірді. Өз мәлімдемесінде А.Маркель «жаппай қарулану» уақыты мәңгі оралмасқа кеткендігін және қазір НАТО Ресеймен тығыз қарым қатынаста жұмыс істеуге ұмтылатындығын атап көрсетті.