Францияда мектеп оқушысы сыныптасын абайсызда атып салды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияның Эльзас аймағында жасөспірім мектеп автобусында өзінің сыныптасына оқ атып, жараланған 12 жастағы оқушы мерт болды, деп хабарлады Dernieres Nouvelles d'Alsace басылымы.

БАҚ-тың хабарлауынша, автобуста барлығы 35 оқушы болған. Жасөспірім сөмкесінен әкесінің тапаншасын алып шығып, сыныптастарына көрсетпек болған. Сол кезде абайсызда жанындағы баланы атқан. Dernieres Nouvelles d'Alsace басылымының хабарлауынша, мектеп қоршауға алынып, полиция баладан қаруды тәркіледі.