Францияда мұнай зауыты жұмысшыларының ереуілі отын тапшылығына әкелді

ПАРИЖ. ҚазАқпарат – Total және Exxon компанияларына тиесілі үш мұнай өңдеу зауыты жұмысшыларының ереуілге шығуынан Францияның бірқатар аймағындағы жанармай құю бекеттерінде отын тапшылығы туындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.

Кәсіподақтар жалақыны 10% көтеруді талап етуде және ереуілді тоқтату ниеті жоқ екенін мәлімдеуде.

«Мен таңғы сағат төртте тұрдым, енді төрт сағат тұруым керек. Әрине, егер таңғы 8-ге дейін бензин қалса. Бірақ мен көлігіме жанармай құю үшін төрт сағат күтемін», - деді жүргізушілердің бірі.

Жанармай тапшылығына байланысты жағдай елдегі жанармай құю станцияларының 20 пайызына әсер етті. Францияның экология министрі Кристоф Бешу үкімет стратегиялық қорлардан жанармай бөлгенін айтты.


Видеодан алынған кадр