АСТАНА. Маусымның 5-і. ҚазАқпарат -Францияда елдің ішкі істер министрі Брис Ортефеге нәсілшілдік мазмұндағы мәлімдемелері үшін 2 мың еуро айыппұл салынды. Сот өкілдерінің хабарлауынша, министр шыққан тегі араб болып табылатын француздар туралы жағымсыз әңгімелер айтқан, деп хабарлайды ВВС телекомпаниясы.
Б.Ортефенің «ол біреу болса, ештеңе емес, бірақ олар көп болса, проблемалар басталады» деген сөзі жазылып қалған бейнежазба тергеудің қолына түскен.
Енді министр нәсілшілдікке қарсы қоғамдық қозғалысқа айыппұл төлеуі керек.
Б.Ортефе сотқа аппеляция бермек.