Францияда ОАР-дағы жағдай жөніндегі саммит өтпек

АСТАНА. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат - Францияда 7 желтоқсанда Орталық Африка республикасындағы жағдай жөніндегі саммит өткізілмек.

Саммитке ОАР-ға көршілес мемлекеттер басшылары, сондай-ақ, БҰҰ басшысы Пан Ги Мун қатысады.

Келесі аптада БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде ОАР-ға Африка Одағы күштеріне дау-жанжалды болғызбауға көмектесуі тиіс мыңға жуық француз әскери қызметкерін жіберу мәселесі дауысқа салынбақ, деп хабарлайды ВВС.

Бұрын Франция тарапы Орталық Африка республикасындағы әскери контингентін 1,2 мың адамға дейін ұлғайтуға ниетті екені жайлы хабарланған болатын.