Францияда өрт сөндіру ұшағы апатқа ұшырады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Францияның оңтүстігінде ірі орман өртін өшіру кезінде өрт сөндіру ұшағы апатқа ұшырады.

BFMTV телеарнасының Гар өрт сөндіру департаментінесілтеме жасап хабарлауынша, ұшақ Женеракқаласы аумағына құлаған. Оның бортында қанша адамның болғаны әзірге белгісіз.

Әуе апаты болған жерде құтқарушылар командасы жұмыс істепжатыр.

Ал Agence France-Presseдеректеріне қарағанда, Tracker22 ұшағының ұшқышы қаза тапқан.

Агенттіктің хабарлауынша, ұшақ жерге қатты соғылған. Оқысоқиғаны көргендердің сөздеріне қарағанда, бірнеше рет қатты жарылыс естілген.

Женеракауданындағы өрт аптаның басында басталған. Олар сөндірілген, бірақ жұма күніНим қаласының түбінде қайта өршіген.

Соңғы жаңалықтар