Оған бірінші болып, оның өзінің әріптестері күдік келтірген. Олардың пайымдауларынша, күдікті өрт болған сайын оқиғаның жанынан бірінші болып табылған.
Құқық қорғау органының өкілдері 19 жастағы өрт сөндіруші-еріктіні биылғы жылдың сәуір айынан бері болған 7 өрт оқиғасына кінәлі деп тауып отыр. Күдікті 6 өрт оқиғасы бойынша өзінің кінәсін мойындады. Ол тек өзінің пәтерінің өртену жағдайын ғана мойындаудан бас тартқан.
Қараша айының соңында Екатеринбург полицейлері 20-ға жуық балабақшалардың аймағында болған өрт оқиғалары бойынша, өрт қоюшының ерекше белгілерін анықтап, оған іздеу жариялады. Өрт түнде балабақшалардың кіреберіс есіктерінде болған. Өрт қоюшы бейнебақылау камерасына түсіп қалған.