Оның Швеция тұрғыны - 31 жастағы сириялық босқын екені анықталды.
Аты-жөні жарияланған жоқ. Белгілісі - әйелі мен үш жасар қызы бар.
Қайғылы оқиға жұма күні таңертең көл жағасындағы балалар алаңында болды. Шабуылдың себебі белгісіз.
«Анси прокуратурасы «кісі өлтіруге оқталу» және «қарулы шабуыл» фактілері бойынша сот тергеуін бастады. Істі жүргізуге Ансидің екі тергеу судьясы тартылды. Күдіктіні сотқа дейінгі қамауға алу туралы өтініш білдірді. Бүгін таңертең ол айып таққан тергеу судьяларына жіберілді. Айыпталушы олармен сөйлесуден бас тартты»,- дейді Анси прокуроры Лин Бонне-Матис.
Прокурордың айтуынша, зардап шеккендердің өміріне төнген қауіп жоқ, олардың арасында Франция, Ұлыбритания, Нидерланд және Португалия азаматтары да бар.
Франция президенті Макрон жұбайымен бірге Ансиге және Гренобльдегі жаралылар жатқан ауруханаға барды.
Ол сондай-ақ қаскүнемге қарсылық көрсетіп, кедергі жасаған Анри есімді жас жігітпен кездесті.
Бұған дейін Франция саябағында алты адам пышақ жарақатынан зардап шеккенін хабарлаған болатынбыз.