51 жастағы Якобус ван Нироп Францияның орталық бөлігіндегі Шато-Шинон атты шағын қалашықта қызмет еткен.
Тергеу деректеріне сенсек, ол пациенттерді ұйықтатып тастап, олардың денсаулықтарына айтарлықтай зақым келтірген. Олардың бірінің жақ сүйегі сынса, бірі жұлынған тістің орнындағы жарасы жазылмай қойған.
Бір келіншек дантист сегіз тісін бірақ жұлып алды деп шағымданған.
Тергеушілер ван Нироп пациенттерге зақым келтіруден ләззат алған деп отыр.
Ал айыпталушының қорғаушылары тіс дәрігерінің психологиялық ауытқуы барлығын айтуда. Дантист сот отырысында тіс жарып, сыр алдырмаған.
Дәрігер 2013 жылы ұсталған, алайда ол Канадаға кетіп қалыпты. 2014 жылы оны сот Францияға қайтарды.