Францияда ПТР тест шетелдіктер үшін ақылы болады
18:55, 01 Шілде 2021
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Францияда 7 шілдеден бастап шетелдік азаматтар ПТР тестін тапсыру үшін ақы төлейтін болады. Бұл туралы Франция үкіметінің өкілі Габриэль Атталь мәлімдеді.
ҚР ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының Telegram каналында жарияланған мәліметтерге қарағанда, ПТР тест үшін шетелдіктер €49, ал SARS-CoV-2 антигендеріне арналған тест үшін €29 төлеуі керек. Қазіргі уақытта Францияда мұндай талдаулар тегін жасалуда.
Атталь көптеген елдерде Франция азаматтарынан ПТР тесті үшін ақы алынатынын, республика билігі шешімінің өзге елдердегі шешімдермен парапар екенін атап өтті.