БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Францияда пышақпен қаруланған ер адам жеті адамды жаралап, екі адамды өлтірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА The Local-ға сілтемемен.
Оқиға сенбі күні таңертең елдің оңтүстік-шығысында орналасқан Роман-сюр-Изер қаласындағы сауда үйінде және оған жақын маңдағы көшеде өрбіген.
Жараланғандардың бірі ауруханада ауыр халде жатыр. Полиция шабуыл жасаған адамды ұстады.
Францияның ішкі істер министрі Twitter -де шабуылдың не себепті жасалғаны және оған не түрткі болғаны зерттеліп жатқанын жазды.
Ербол Жанат
ЕҰУ-да журналистика мамандығы бойынша бакалавриатты және магистратураны тәмамдаған. Стамбул мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен. «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында, "Астана ақшамы" газетінде тілші болған. 2014 жылдан бері Kazinform ХАА-да шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.