Енді тек дауыс беретін күн - 7 мамырда жаңа мемлекет басшысын сайлауға үлес қосатын француздықтардың нақты саны белгілі болады. Әлеуметтік қызметтің болжауынша, бұл жолы сайлаушылар дауыс беруге өте аз қатысып, белсенділігі бойынша антирекорд орнатады. Францияда әдетте президент сайлауы үлкен қызығушылық тудырып келген еді.
Сайлаудың бірінші айналымда 24,01% дауыс жинаған «Алға» қозғалысының басшысы Эммануэл Макрон мен елдің 21,3% азаматы қолдау білдірген Марин Ле Пен арасында қызу тартыс жүріп жатыр.