Францияда соғыс уақытындағы бомба табылып, сегіз мың адам эвакуацияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елдің орталық бөлігінде Сен-Сен-Дени департаментінде француз полициясы екінші дүниежүзілік соғыс уақытының үш бомбасын тауып, 8 мың адамды эвакуациялады, деп хабарлалы РИА Новости.

«Таңертең Нуази-ле-Сек және Бобиньи елді мекенінен 8 мың адам көшірілді. Ауданда көлік қозғалысы шектелді», - делінген Figaro газетінің хабарламасында.

Билік жексенбі күні бомбаны зарарсыздандырды, ол үшін орынға арнайы топырақ себілді.

Жарылмаған бомба жер астында 70 жылдан астам уақыт - 1944 жылғы ӘӘК шабуылы уақыты кезінен жатуы мүмкін. Сол кезде 18-19 сәуірде Нуази-ле-Секте қаланың көп бөлігін жойған 3 мыңға жуық бомба тасталған, деп атап өтеді басылым.