Францияда сот мұсылман қыздарына бірінші рет паранжы кигені үшін айыппұл салды

None
АСТАНА. 22 қыркүйек. ҚазАқпарат - Францияда екі мұсылман қызы заңды бұзып, тыйым салынғанымен бет-жүзін бүркеп жүргені үшін айыппұл төледі.

Хинд Ахмас пен Кенза Дридер 200 доллар көлемінде айыппұл салуға кесілді. Олар елде көпшілік арасында үлкен пікірталас тудырған жақында қабылданған жаңа заң бойынша жазаланған алғашқы француз азаматшалары ретінде танылып отыр, деп хабарлайды ВВС.

Қыздар француз сотына өздерінің наразылықтарын білдіріп, алдағы уақытта шешімді жойғызу үшін барлық сатыларға арызданатынын, қажет болса Страсбургтегі адам құқықтары жөніндегі Еуропа сотына да жүгінетіндіктерін жеткізді, дейді UROMAG.