Бұдан бұрын жұмада Францияның оңтүстік-батысындағы Од департаментінің Треб коммунасындағы супермаркеттердің бірінде лаңкестің адамдарды кепілге алғандығы хабарланған болатын.
Жергілікті прокуратураның мәлімдеуінше, «содыр өзінің ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған ұйым - ред.) лаңкестік ұйымына тиесілі екенін» айтқан.
Од департаменті префектурасы Твиттерде осы аумақта арнайы операция жүргізілгендігі жайлы мәлімдеді.
BFM TV телеарнасының эфирінде Треб қаласының мэрі Эрик Менасси кепілге алынған адамдардың босатылғандығын хабарлады.