Оның сөзіне қарағанда, шабуыл «террорлық сипатқа» ие.
26 шілдеде аяқталуы тиіс елдегі төтенше жағдай үш айға ұзартылады.
ІІМ басшысы Бернар Казнев: «Біз террористермен соғысып жатырмыз. Олар қалай болса да бізге ауыр соққы жасауға тырысып жатыр», - деді.
Франция президенті Франсуа Олланд Парижде таңғы сағат 9-да (Астана уақытымен сағат 13:00) басталатын Францияның қауіпсіздігі мен қорғаныс кеңесінің отырысына қатысу үшін Авиньоннан Парижге оралады.
Бейсенбі күні кешке Ницца жағалауында Бастилия қамалын алу күнін тойлау барысында жүк көлігі адамдарды басып-жаншып, кейін көліктен жиылған жұртқа оқ атқан.
Шабуыл салдарынан 80 адам қаза тапты, оның ішінде балалар бар, тағы 18-і ауыр жарақат алды, 100-ден астамы жарақаттанды.
Франциялық БАҚ жүк көлігінен 31 жастағы Ницца тұрғынының жеке куәлігін тапқанын, оның франциялықпен қатар Тунис азаматтығы болғанын хабарлады.
Еске сала кетейік, жүк көлігінің жүргізушісін полиция атып тастады. Күш құрылымдары оның сыбайластарының болғанын не болмағанын анықтап жатыр.