«Le Journal Du Dimanche» басылымының мәліметінше, цифрлық жарнама экрандарына тыйым салынбақ. Францияның экологиялық қауымдастығы осындай тыйым салуға шақырып жатыр.
«Франция үкіметі түндегі барлық жарық витриналарға, дүкендердің сыртындағы неондық шамдарға тыйым салады», - деп жазды танымал француз басылымы.
Қалалардың көлеміне қарамастан, сағат 1-ден таңғы 6-ға дейін жарнама билбордтарына тыйым салынады. Тек вокзалдар мен әуежайларға рұқсат етіледі. «Energy Futures 2050» есебіне сәйкес Францияда 9 мыңға жуық цифрлық экран бар және бұл көрсеткіш жыл сайын шамамен 20%-ға артып келеді.
2020 жылдың қыркүйегінде жарияланған көрсеткіште Экология агенттігі (Ademe) барлық көлемдегі 55 мың цифрлық жарнама билбордын есептеді, бұл алдыңғы екі жылмен салыстырғанда 40%-ға көп.
Экологиялық белсенділер цифрлық билбордтар қоршаған ортаға қатты зиян келтіреді деп санайды.
«Он жыл қолданғаннан кейін әрбір панель 20 477 кВтс қуат қажет етеді – бұл төрт үйдің жылдық энергия шығыны», - делінген есепте.
Фото:NURPHOTO VIA AFP/Nicolas Liponne