Muslim.kz сайтының жазуынша, осы уақытқа дейін 15 млн. еуро бөліп қойған екен. Білім ошағында дінге қатысты дәрістер өтеді. Сондай-ақ, имамдар даярлап шығаратын орта мектеп жұмыс істейтін болады.
«Әсіресе, осынау елде туып-өскен, енді буыны бекіп, бұғанасы қатып келе жатқан жас ұрпаққа асыл дініміздің қыр-сыры үйретіледі. Имамдарға арналған мектеп дінтану факультетінің шәкірттерін дайындайды. Аталмыш университет Франция мен бүкіл Еуропада ислами білім беруде үлгі болады», - деді Страсбург қаласы әкімшілігінің кеңесшісі Сабан Кипер. Бір айта кетерлігі, аталмыш жоғарғы оқу орнында дінтану сабақтары аптасына кем дегенде алты сағат оқытылады. Сонымен қатар, мұнда намаз оқитын зал да болады.