Францияда туристер мінген кеме көпір тірегіне соғылды:15 адам жапа шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Рона өзенімен жүзген 'Бельфлер' туристік кемесі көпірдің тірегіне соғылды. 15 адам жеңіл жарақат алды, кемеге қатты зақым келді. Оның алдыңғы бөлігі суға кетті.

Бұған қарамастан кеме капитаны оны Вьен қаласының маңындағы айлаққа жеткізді. "Бельфлерде" барлығы 117 жолаушы мен 37 экипаж мүшесі болған. Жолаушылардың басым бөлігі - британдық және германиялық туристер, деп хабарлады ТАСС. Фото: ladepeche.fr