Себебі белгісіз апат Лилль қаласы маңындағы Ломм коммунасында болған. Басылым мәліметі бойынша темір жол құрамы қышқыл әкеле жатқан.
"Халық үшін ешқандай қауіп жоқ", - деді Француз темір жол ұлттық компаниясының өкілі (SNCF) газетке берген сұхбатында. Осы учаскедегі пойыздардың қозғалысы қауіпсіздікті сақтау мақсатында уақытша тоқтатылды. Қоршаған ортаның зиян шегу мүмкіндігіне жол бермеу үшін химиялық қорғау және өртке қарсы саланың оншақты мамандары оқиға болған жерге келді.