Францияда Ұлыбритания премьер-министрінің әкесі қайтыс болды

None
АСТАНА. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат - Францияда Ұлыбритания үкіметінің басшысы Дэвид Кэмеронның әкесі қайтыс болды. «Біз көңіл айта отырып, Иэн Кэмеронның қайтыс болғанын растаймыз», - деп мәлім етті премьер хатшылығының өкілі.

Даунинг-стриттің хабарлауынша, британ үкіметі басшысының 77 жастағы әкесі премьер-министр ауруханаға келген соң қайтыс болған. Бұл туралы Утро.ру агенттігі хабарлап отыр.

Сәрсенбі күні Дэвид Кэмерон әкесі инстультқа ұшырап, жүрек ауруына қатысты диагноздар қойылған соң Францияға ұшып кеткен.