56 жастағы мұғалім тапқан олжасына қуанышын жасырмады: «Мен қатты таңғалдым, тура бір көне заманға барған секілді әсер алдым!», дейді ол.
Қойманың сол кездегі иесі соғыстан кейін де тұраққа машиналар қосқан. Жер асты кенішіне археологтар барғасын, желіде көліктердің суреттері пайда болды. Тас өндіретін жерасты кенішінің қазіргі қожайыны көліктің бірнешеуін аукционда сатып үлгерген. Алайда, «экспонаттардың» көп бөлігі орнынан қозғалуға жарамсыз күйде бүлінігендіктен жер астында қала бермек.