Францияда ұшақ апатқа ұшырады, бортында 150-ге жуық адам бар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияның оңтүстігінде Germanwings әуе компаниясына тиесілі Airbus A320 ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ «Дюссельдорф- Барселона» бағыты бойынша бет алған.

Ұшақ бортында 142 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі бар, деп хабарлайды РИА.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы нақты мәлімет жоқ.