Францияда ұшақ құлады

АСТАНА. 25 тамыз. ҚазАқпарат - Францияда шағын ұшақ құлады. Оқиға салдарынан 4 адам қаза тапты. Алдын ала нұсқа бойынша, олардың үшеуі швейцарлықтар. Бұл туралы шетелдік БАҚ хабарлайды.

Журналистердің мәліметтерінше, әуе апаты сенбі күніне қараған түні елдің шығыс бөлігінде, Монбельяр коммунасына жақын жерде орын алды. Куәгерлердің айтуынша, ұшақты найзағай соққан.