11:13, 07 Сәуір 2009
Францияда велоспорттан «Circuit de la Sarthe» жарысы өтеді
АЛМАТЫ. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Францияда велоспорттан «Circuit de la Sarthe» жарысы басталады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат «Астана» велоклубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Төрт күндік бұл байрақты бәсекеге «астаналықтарды» клубтың спорт директорларынан Ален Галопин бастап барды. Онда қазақстандық кәсіпқой велоклубтың намысын қорғау Александр Дьяченко, Андреас Клоден, Андрей Зейц, Бенджамин Новаль, Болат Райымбеков пен Стив Морабитоға сеніп тапсырылған. Жалпы «астаналықтар» бұл маусымда бұған дейін Франция жерінде өткен «Париж-Ницца» көпкүндігінде 2 рет олжалы болған болатын. Онда наурыздың 8-інде Альберто Контадор бірінші кезеңде, ал Андреас Клоден наурыздың 13-інде алтыншы кезеңде топ жарды.