Францияда заңсыз ұшырылған дрондарды қырандар аулайтын болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Франция заңсыз ұшырылған дрондарды қатаң бақылауға алмақ. Енді бұл елде ұшқыш құрылғыларды қырандар аулайтын болады, деп жазады «Хабар 24».

Қазір әскерилер құстарға дронды ұстау әдістерін үйретіп жатыр. Ол үшін қыран құстың жұмыртқасын дронға салып қояды. Балапан сонда жатып, жұмыртқа жарады. Оның жейтін азығын да сол жерден береді. Құстарды осылай балапан кезінен ұшу құрылғысынан қорықпауға, қайта оны алуға баулиды.

Жергілікті билік бұл тәжірибені тек дрондар тұрғындарға қауіп төндірген жағдайда ғана қолданамыз дейді. Мәселен, дрон әуежайға немесе адам көп шоғырланған жерге өте жақын ұшса, қыран құстар жіберілетін болады. Мұндай тәсілді француздық әскерилер голландық әріптестерінен үйренген. Нидерландта осы әдіспен қолға үйретілген қарауыл құстарды «әуе сақшысы» деп атайды.