Ереуіл қоғамдық көліктің, авиақатынасы мен пошта тасымалдарының жұмысына әсер етіп отыр. Ағымдағы жылдың маусым айында зейнетақы реформасына қатысты осындай наразылық шаралар өтіп, оған 800 мыңдай адам қатысқан еді.
14:44, 07 Қыркүйек 2010
Францияда зейнет жасының көтерілуіне қарсы ереуілдер өтіп жатыр
АСТАНА. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат - Бүгін Франция кәсіподақтары үкіметтің 2018 жылға қарай зейнет жасын 60-тан 62-ге дейін көтеру ниетіне байланысты 24 сағаттық ереуіл өткізуде. Бұл туралы «Азаттық» радиосы хабарлады.