Францияда жаңа табиғат заңына байланысты ереуілдер өтіп жатыр

СТРАСБУРГ. ҚазАқпарат – Осы аптада Францияның Страсбург қаласында Еуропарламенттің көшпелі сессиясы өтіп жатыр, онда басқа заң жобаларының қатарында «Табиғатты қалпына келтіру туралы» заң қарастырылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл заң жобасы Еуропарламенттің негізгі фракциялары арасында бірнеше ай бойы қызу пікірталас тудырды. Қарастырылып отырған нормалар 2030 жылға қарай ЕО-да құрлық пен теңіз бетінің кем дегенде 20% -ын табиғи күйіне қайтаруды, климаттың өзгеруіне қауіп төндіретін биоалуантүрлілікті сақтап, көбейтуді заңды түрде белгілейді.

Заң сонымен қатар 2050 жылға қарай химиялық пестицидтерді қолдануды 50%-ға азайтуды қарастырады.

Заң жобасы жасыл, орталық-солшыл Еуропалық Парламент саясаткерлері мен экологиялық ұйымдардың қолдауына ие болды.

Алайда, дәл осы құжат Еуроодақтың бірқатар саяси күштерінің қатты реакциясын тудырды.

Осылайша, христиан демократтары және басқа да оңшыл еуродепутаттар нәтижесінде ауылшаруашылық жерлерін қысқартуға, аз өнім жинауға, азық-түлік қауіпсіздігі мен фермерлердің әл-ауқатына қауіп төндіруге тура келетінін айтып отыр.

Сейсенбіде Страсбург қаласындағы Еуропалық парламент ғимараты айналасындағы қозғалыс жабылды. Бұл жерді наразылық білдіру үшін тракторларымен келген француз фермерлері жауып тастады.

Өз кезегінде экологтар өздерінің пикеттерін Франциядағы Еуропарламент алдында өткізеді. Заң жобасын қорғау үшін Страсбургке белгілі белсенді Грета Тунберг арнайы келді.