Оқиға Жаңа Аквитания өңірі Дордонь департаменті Бержерак қаласында болды. Бірнеше жарылыстан кейін өрт шығып, барлық қызметкер эвакуацияланды. Жарылыстан бір адам айтарлықтай жарақат алды, қалған зардап шегушілер жеңіл жарақаттанған.
Францияның ішкі істер министрі Жеральд Дарманен айтарлықтай ресурстар тартылғанын мәлімдеді. Оқиға орнында дағдарыс орталығы құрылды. Қазіргі уақытта жағдай бақылауға алынған, өрттің таралу қаупі жоқ.
Eurenco компаниясы әскери бағыттағы, азаматтық сектор үшін (мұнай және газ ұңғымасын бұрғылау, пайдалы қазбалар өндіру) жарылыс заттарын өндіретін еуропалық көшбасшы.
Фото: trtworld.com