Еске сала кетсек, Францияда күн райы 6 шілде күні бұзылды. 20 ауданда ауа райына байланысты ескерту жарияланған.
Бұдан тыс, метеорологиялық қызметтер 73 мыңнан астам найзағай зарядын санап үлгерген.
Әзірге ғимараттардың қирауы немесе зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.
Әлеуметтік желіні пайдаланушылар интернетке жұмыртқадай бұршақтардың суретін салған. Абырой болғанда, ешкімнің басына түспеген көрінеді.
Туиттердегі lachainemeteo парақшасында жарияланған мына видео да жаға ұстатарлықтай.