Франциядағы Альпі тауында оқушылар қар көшкіні астында қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Франциядағы Альпі тауында оқушылар қар көшкіні астында қалды, деп хабарлады Лента.ру.

Екі адам қаза тапты. Олар - лиондық 14 жастағы мектеп оқушысы мен топтан бөлек жүрген шаңғышы. Көшкін астында қалғандардың барлығы жылу сәулелендіргіш құрылғы көмегімен табылды, бес адам ауыр жарақат алған, деп мәлімдеді NBC News.

Кейіннен жарақатының ауырлығынан тағы бір мектеп оқушысы қаза тапты, деп хабарлады ТАСС жергілікті билікке сілтеме жасап.

2015 жылғы қаңтарда «Керас» тас жолынан өтіп келе жатып, алты шаңғышы көшкін астында қалып, барлығы ажал құшқан. 2012 жылы шілдеде Мон-Моди тауының шыңына шықпақшы болған альпинистер көшкінге тап болған, ол кезде тоғыз адам қаза тауып, сонша адам жарақат алған болатын.