Атыс жексенбі күні сағат 20:00 шамасында Ольюль қаласындағы жанармай құю станциясында болған. Қаза тапқандардың екеуі – туристер. Олар сол маңда қыдырып жүріп абайсызда оққа ұшқан.
Төртінші адам ауыр жараланып, Тулон қаласындағы Сент-Анн әскери госпиталіне жеткізілген.
Франция ішкі істер министрі Кристоф Кастанер Twitter-дегі парақшасында «қылмыскерлерді ұстаудың бүкіл амалы қарастырылып жатқанын» мәлімдеді.