Франция премьер-министрі Элизабет Борн оқиға орнына барды. Ол қаза тапқандардың, сонымен қатар өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың отбасыларына үкіметтің қолдауын көрсеткісі келгенін мәлімдеді.
Сондай-ақ ол өрттің қайдан шыққанын және ғимараттың қауіпсіздік талаптарына қаншалықты сай екенін анықтау үшін тергеу жалғасып жатқанын айтты.
17 адам эвакуацияланды, біреуі ауыр жарақатымен ауруханаға жатқызылды. Ғимараттың жоғарғы жағы толығымен бұл өңір үшін дәстүрлі ағаштан жасалған. Өрттің тез тарап кеткеніне осы жайт себеп болса керек.