Франция мұсылмандары діни көшбасшысының айтуынша, бүгінде жұмыс істеп тұрған 2200 мешіт елдегі ислам дінін ұстанатындар үшін тым аз.
Далиль Бубакер бұл мәлімдемесін Ле-Буржеде өтіп жатқан Франциядағы ислам ұйымдары одағының жыл сайын өтетін конференциясында жасады.
Франция Еуропа елдерінің арасында мұсылман тұрғындарының саны ең көп ел болып табылады: мұнда ислам дінін ұстанатын шамамен 5-6 млн. адам бар.