Сондай-ақ шатырлардың бір бөлігі де жермен жексен етілген. Салдарынан баспанасыз қалған бір жарым мың адам контейнерлерге жайғасты. Айта кеткен жөн, бүгінде Кале қаласындағы лагерде 4 мыңға жуық босқын тұрып жатыр. Олардың 200-і - балалар.
Мигранттардың дені Ұлыбританияға жетуді көздейді. Сол себепті жолға шығып, Тұманды Альбионға бет алған көліктерге заңсыз мініп кетіп жатады.