Бұған дейін, пойызда барлығы 50 адам болғаны, 7 адам қаза тауып, 10 адам жараланғаны туралы хабарланған. «Франция Президенті әкімшілігінің мәлімдемесінде, TGV сынақ пойызы тест өткізу үшін, коммерциялық емес желімен жүрген. Ол рельстен жергілікті уақыт бойынша сағат 15-те шығып кеткен. Апатқа техникалық ақау себеп болуы мүмкін», делінген хабарламада.
01:36, 15 Қараша 2015
Франциядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны 10-ға жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенбі күні Францияның шығысында болған TGV аса жылдам жүрдек пойызының апатында қаза тапқандар саны 10 адамға жетті, деп хабарлады Франс Пресс.