Шабуылшылар ғимараттың артқы есігінен кірген.
Сент-Этьен-дю-Рувре - Руан қаласының маңында орналасқан, ел президенті Франсуа Олландтың туған жері. Оқиға сейсенбі күні таңғы 9:45-те болған.
Қаскөйлер бес адамды кепілге алған: дін қызметкері, екі монах әйел және діни қауым мүшесі. Иеліктен қашып шыққан монах әйел полицияға хабар берген.
Шабуылшылардың пышақпен қаруланғаны белгілі болды.
Төтенше жағдай орнына полиция арнайы күштері келді. Арнайы операция кезінде екі шабуылшы да өлтірілді.
BFMTV телеарнасы қылмыскерлердің шіркеу ғимаратынан шыққан соң өлтірілгенін хабарлауда.
Тұтқындар арасында да бір адам мерт болды. 84 жастағы дін қызметкері Жак Амель алған жарақаттан көз жұмды. Тағы екі адам жараланған, олардың бірі «өмір мен өлім арасында» жатыр.
Қылмыскерлер туралы әзірге ақпарат жоқ. Жергілікті БАҚ бір қылмыскердің сақалы болғанын, басында мұсылмандық баскиім болғанын айтуда.
Ал BFMTV телеарнасы қылмыскерлердің "Аллаһ Акбар" деп айқайлағанын растады.
Шабуылдың себебі әлі анықталған жоқ. iTele арнасының хабарлауынша, антитеррористік прокуратура істі тергеумен айналысады.
Франция президенті Франсуа Олланд шабуыл жасаушылардың «Ислам мемлекеті» ұйымымен қатысы бар екенін мәлімдеді.
Өткен жылдың қараша айынан бері Францияда төтенше жағдай режимі жұмыс істеуде. 14 шілде күні 84 адам қаза тапқан Ниццадағы терактіден соң, шектеу тағы жарты жылға созылды.