«Франциядағы тәртіпсіздіктер бойынша бізге зардап шеккендер немесе көмек сұрағандар туралы хабар келіп түскен жоқ. Жағдай тұрақты. Тәртіпсіздіктер тек 1-2 қаласында, ал жалпы Францияда тыныш», - деді Айбек Смадияров ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.
Еске салсақ, Францияда жасөспірім өлімінен кейінгі ереуілде ұсталғандар саны 421 жеткен болатын. Мұнан соң 470-тен астам адам ұсталғаны туралы айтылды.
Одан бөлек, Франция президенті палата төрағалары мен 220 муниципалитет мэрін қабылдайтыны хабарланды.