Франциядағы Tour de l'Avenir" веложарысында астаналық шабандоз Крис Хорнер екінші орынға ие болды,

АЛМАТЫ. Тамыздың 13-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ -  Францияда кеше мәреге жеткен  "Tour de l'Avenir" веложарысында астаналық шабандоз Крис Хорнер негізгі жіктелімде екінші орынға ие болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тамыздың 9-ы күні жалауын көтерген бұл жарысқа "Астана" велоклубынан - Валерий Дмитриев,  Хесус Эрнандес,   Крис Хорнер, Стив Морабито, Даниэль Наварро мен  Хосе Луис Рубьера қатысқан болатын. Кеше бұл бәсекенің ақтық төртінші кезеңінде мәре сызығын «Cofidis» командасының шабандоздары эстониялық Рейн Тарамяэ бірінші,  франциялық Давид Монкоути екінші, Дамиэн Мониер үшінші, ал «астаналықтардан» американдық Крис Хорнер төртінші,  испандық Даниэль Наварро 9-шы боп кесіп өтті. Соның нәтижесінде жарыстың жалпы қортындысында негізгі жіктелімде  Рейн Тарамяэ бірінші, Крис Хорнер екінші, Дамиэн Мониер үшінші орын алса,  Даниэль Наварро үздік ондықтағы өзінің тоғызыншы орнын сақтап қалды.