Бұл туралы ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі хабарлады.
«Ханзада шабуылға ұшырады, бірақ оның тарапынан арандатушылық болған жоқ. Қазіргі кезде оның көңі-күйі жақсы, оған ешқандай зақым келген жоқ», - деген Тернеттің сөзін келтіреді газет.
Оқиға Францияның оңтүстігіндегі Канны қаласында жексеніге қараған түнде болды. Карл Филипп ханзада өзінің дос қызы София Хэллквистпен және достарымен бірге Baoli клубынан шығып келе жатты. Осы сәтте белгісіз адам оның басына жұдырықпен қойып қалды, содан кейін мойнына жабысты. Карл Филиппке дос қызы жәрдемдеспек болды. Бұдан кейін клубтың алдында бірнеше адам төбелеске араласып кетті, бұл кезде ханзада өзінің серік қызымен қауіпсіз жерге кеткен болатын.
Карл Филипп билік басындағы Швеция королі Карл XVI Густав пен патшайым Сильвияның отбасындағы екінші бала және жалғыз ұл. Ханзада тақ мұрагерлігінде үшінші орында тұр.