Франциялық рэп-орындаушы Шавкат Рахмонов туралы трек шығарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Франциялық рэп-орындаушы Freeze Corleone жаңа клип жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Фото: prosports.kz

Трек Shavkat деп аталады және қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмоновқа арналған.

Айта кетейік, жарияланғаннан кейін бірнеше сағат ішінде «Шавкат» әніне түсірілген клип YouTube хостингінде 300 мыңнан астам қаралым жинаған. Ал қазіргі сәтте, яғни 14 сағаттан соң оның қаралымы 600 мыңға жуықтады.

Еске салайық, Шавкат Рахмонов келесі жекпе-жегін UFC ардагері Кевин Гастелумға қарсы 16 қыркүйекте Лас-Вегастағы турнирде өткізеді.