72 жастағы Савен саяхатын желтоқсан айында Канар аралдарынан бастаған. Араға бірнеше ай салып Кариб теңізінен бір-ақ шықты.
«122 күн және 9 сағаттан кейін Кариб теңізі алабын білдіретін меридианды кесіп өттім. Саяхатым аяқталды. Баршаға рахмет!», - дейді қарт саяхатшы.
Савеннің бөшке тәрізді кемесі - ұзындығы 3 метр, ені 2,10 метр келетін цилиндр. Оның желкені де жоқ. Ол қалың шереден жасалған. Салмағы - 450 кг. Ішінде төсек, шағын асхана, теңіз карталарына арналған үстел және навигация құрылғысы бар.