Франциялық саяхатшылардың көлігі Чех елінде апатқа ұшырады

АСТАНА. 8 сәуір. ҚазАқпарат - Франциялық саяхатшылардан мінген автобус Прагадан 80 шақырымда апатқа ұшырады.

Бұл туралы Утро.ру. хабарлайды.

Шетелдік БАҚ-тың ақпаратына сәйкес, көлік тізгінін ұстаған жүргізуші оқиға орнында қаза тапты. 20 жолаушы ауыр жарақат алған.

Құқық қорғау органдарының дерегіне сүйенсек, қатты жылдамдықпен келе жатқан автобус жол сыртына шығып кетіп, көпірдің тіреуіне соғылған. Қазіргі уақытта оқиға орнында құтқарушылар мен тергеушілер жұмыс істеуде.