Францияның бірнеше мұнай өңдеу зауытында жұмысшылар ереуілі жалғасып жатыр
«Франциядағы жанармай құю станцияларында бірнеше күн бойы ұзынсонар кезек орнағаны – TotalEnergies-тің үш мұнай өңдеу зауытында үлкен ереуілдің нәтижесі», - деп жазды дүйсенбіде Францияның La Croix газеті.
«TotalEnergies-тегі ереуіл сейсенбі күні таңертең басталды. Ел үкіметі тарапынан қысым күшейгеніне қарамастан, CGT одағының үндеуіне көп адам шықты» дейді CGT үйлестірушісі Эрик Селлини.
«Бүгін таңертең қызметкерлердің басым көпшілігі ереуілді жалғастыруды жақтап дауыс берді. Біз әлі де басшылықпен келіссөздің егжей-тегжейін күтеміз», - деп жазады бельгиялық Le Soir.
Францияда барлығы 3,5 мың жанармай құю станциясы бар болса, әрбір үшінші жанармай құю станциясы TotalEnergies-ке тиесілі.
Француз ақпарат құралдары әлемдегі ең ірі энергетикалық корпорациялардың бірінде жұмысшылар ереуілі осы күндері аяқталады деген үміт бар деп жазды.
Жексенбіде басшылық жұмысшылар жалақысы туралы келіссөзді жалғастыруға келісіп, еңбеккерлердің жұмысқа қайта кірісуін сұрады.
Олай болғанымен, CGT жұмысшыларының солшыл кәсіподағы компания басшылығын «бопсалады» деп айыптап, бұл ұсынысты қабылдамады.
TotalEnergies-тің бірінші тоқсандағы 10,6 млрд доллар көлеміндегі табысын сөз еткен кәсіподақ 2022 жылы жұмысшылар жалақысын 10 пайыз көтеруді талап етіп отыр.
Фото: la-croix.com