Францияның бұрынғы президенті мүлкін сатылымға қойды

АСТАНА. 1 қазан. ҚазАқпарат -  Францияның бұрынғы президенті Валери Жискар д'Эстен Клермон-Ферран қаласы маңындағы Шанон елді мекенінде ата-тегінің шатосын сату шешімін жасады.

Сондай-ақ ол жиһаз, үй керек-жарақтары мен өнер аспаптарын бәссаудаға шығарды, деп хабарлайды BBC News.

  Жалпы аукционға 400-ге жуық зат ұсынылды. Саудаға қойылғандардың ішінде негізінен 19 ғасырдың басы мен орта кезеңіне тиесілі мүсіндер, картиналар мен қыш бұйымдар, үстелдер және басқа да заттар бар. Францияның бұрынғы президенті бәссаудадан 400 мыңға жуық еуро алуды жоспарлап отыр. Ал шатоның өзі 1,6 млн. еуроға бағалануда.

Валери Жискар д'Эстен  1974-1981 жылдар аралығында Францияның президенті болған еді.