Францияның бұрынғы президенті Н. Саркози отанын тастап, Лондонға қоныс аудармақ

АСТАНА. 25 қаңтар. ҚазАқпарат - Француздық жұлдыздар Жерар Депардьеден үлгі алып, бірінен кейін бірі елден кетуде.

Танымал итальяндық актриса Моника Белуччи мен оның жұбайы француздық кино актер Венсан Кассель Парижден Рио-де-Жанейроға қоныс аударуға шешім қабылдады.

Көптеген журналистер бұл жұптың шешімін байларға салық салу бастамасымен байланыстыруда. Дегенмен жұбайлар Бразилия өздерін шабыттандыратындығын айтып отыр.

Күні кеше Францияның бұрынғы президенті Николя Саркозидің де отанын тастап, Лондонға қоныс аудармақ ниетте екендігі белгілі болды. Ол өз капиталын Ұлыбританияға аударып та қойған. Британдық басылымдардың жазуынша, Саркози бұл елге көшуді өткен жылдың жазында-ақ шешіп қойған.