Францияның бұрынғы президенті Жак Ширак ауруханаға түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияның экс-президенті Жак Ширак дүйсенбі күні ауруханаға жатқызылды.

Үкіметтегі дереккөздің ақпаратына қарағанда, өткен жылы қарашада 81 жасқа толған бұрынғы мемлекет басшысы Париж маңында орналасқан американдық Нейисюр-Сен госпиталіне түскен.

Өз кезегінде Ширакқа жақын жандардың бірі, «оның өміріне ешқандай қауіп жоқ», деп мәлімдеді. Алдын ала ақпаратқа қарағанда, буынның ұстамалы дерті асқынған. Еске сала кетсек, Ширак елді 1995-тен 2007 жылға дейін басқарды, деп хабарлайды РИА "Новости".